top of page

Сайттың мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін тіркелуіңізді сұраймыз!

   

     Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі 1963 оқу жылынан бері үздіксіз кәсіптік орта білім беру қызметімен айналысып келеді.

    Қазіргі таңда еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу бағытындағы білім беру мәселесі- мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі.

Осы ұстанымға жетудің бірден-бір жолы: әлемдік білім кеңістігінен орын алу, өркениетті, қуатты елдер қатарына қосылу болып табылады. Оқытудың инновациялық технологияларының әдіс- тәсілдерін пайдалана отырып білім сапасын арттыру, сондай-ақ рухани жан дүниесі бай,  жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу-бүгінгі заман талабына сай мәселелердің бірі болып отыр. Міне, осындай ұстанымдармен  жұмыс жасап, колледжде жүргізіліп жатқан игі істердің барлығы - білгір маман, көреген басшы колледж директоры Сарбалакова Айымжан Жорабекқызының  еңбегінің нәтижесі.

          «Бүгінгі жас ертеңгі азамат,біздің болашағымыз ұлт болып ұйып, ел болып еңсемізді тіктеген кезде қолға алар ісіміздің  бірі де, бірегейі де жас ұрпақ. Жас ұрпаққа белгілі бір мамандықты беріп қана қоймай, оларды елдің талғамы биік, рухани дүниесі бай, парасаты мол лайықты азамат етіп қалыптастыруды ізгі мақсат тұтқан мұндай киелі білім ордасының алар асуы биік, келешегі кемел, мәртебесі жоғары боларына күмән жоқ.

Колледждің білім беру бағыты:

- Бәсекеге қабілетті маман даярлау

- Оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету

- Инновациялық технологиялармен оқыту

- Оқу үрдісін ақпараттандыру

- Жалпы азаматтық,ұлттық моральдық және мәдени құндылықтарды игеру

bottom of page