top of page

1-ші курс студенттеріне экскурсия жасалып, «Ашық есік» күні ұйымдастырылды



2021 жылдың 27-ші қыркүйек күні Қызылорда қаласы Төтенше жағдай басқармасының бастамасымен №1-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында Қызылорда көпсалалы «Ұлағат Қызылрда» колледжінің 10320100-«Өрт қауіпсіздігі» мамандығының 1-ші курс студенттеріне экскурсия жасалып, «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Экскурсия өрт сөндіру техника және өрт техникалық жабдықтары көрсетумен басталды. Білім алушыларға өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі мен құралдары көрсетілді, қалаған оқушының киіп көруге мүмкіндігі жасалды.

Шара барысында білім алушылар Қызылора қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жарағындағы заманауи құтқару техникалары мен құтқару жабдықтарымен танысты. Сонымен қатар, тыныс алуға жарамсыз ортада адамдарды құтқарумен, өртті сөндіруге газ-түтіннен қорғаушыларды дайындау мақсатында оқу-жұмыс жаттығуларын жүргізуге арналған жылу-түтін камерасына да кіріп, атқарылатын жұмыстармен танысты. Қысқа мерзім ішінде биік қабатты ғимараттарға шығу, тілсіз жаумен алысу айла-тәсілдері таңғалыстарын тудырса, өрт сөндіру және құтқару техникалары мен құрал-жабдықтары, үйінділер астында зардап шегуішіні алып шығу, өрт сөндірушілердің күрделі орындарға кіру тәсілдері білім алушыларды тәнті етті.

 
 
 

Comments


© 2018-2022 Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі 

  • YouTube
  • Instagram
bottom of page