Қызылорда көпсалалы "Ұлағат Қызылорда" колледжіндк "Worldskills Kazakhstan" ұлттық сайысы өткізілді
- Ұлағат Қызылорда
- 17 февр. 2023 г.
- 1 мин. чтения

Бұгін 17 ақпан 2023ж. Қызылорда көпсалалы "Ұлағат Қызылорда" колледжінде "Worldskills Kazakhstan" ұлттық чемпионатына іріктек жүргізу барысында, "Визуалды мерчендайзинг және витринистика" құзыреттілігі бойынша "Worlds kills college-2023" байқауы өткізілді. Байқауға 0513000"Маркетинг" мамандығының III курс білім алушылары: Мамет С, Әзизханқызы А, Нурдинова Л, Саят С, Тоқсанбай Т, Жұмабек Н, қатысып, байқауда берілген тапсырмалар бойынша сайысқа түсті. Байқаудың мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беру саласында "Worldskills college-2023" байқауын өткізе отырып, жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және білім алушылырдың шеберлік дағдыларын дамыту мақсатында жастарды кәсіби даярлау саласындағы тәжірибесін анықтау. Байқауға "AGRO centre" ЖШС директоры: Боранбаев Р, Жеке кәсіпкер Таубаева Г.А, маман Карынсауова Ш, сарапшылық жасап, байқауға қатысушыларды төмендегідей бағалады: I орын- Мамет С, II орын- Жұмaбек Н, III орын- Әзизханқызы А . иеленді. "Worldskills college-2023" байқауының қорытындысымен "Маркетинг" мамандығының III курс білім алушысы Мамет Сабыржанға облыстық "Worldskills Kazakhstan" ұлттық чемпионатына жолдама берілді
Comments