top of page

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу


Қызылорда көпсалалы Ұлағат Қызылорда колледжінде облыстық салааралық байланыстағы басқармалар мен департаменттердің бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бағытындағы ақпараттық-танымдық кездесу болып өтті.

Колледж директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Анар Аманбекқызы бірлескен жұмысшы тобының құрамымен таныстырды.

​ Жастар ресурстық орталығының маманы Б. Досанова жалпы орталық туралы, орталықтың жұмысы туралы, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, өткізу туралы айтып, орталық жайында бейнеролик көрсетілді.

​ Облыстық білім басқармасының, тәрбие бөлімінің бас маманы Ш. Байғазиева жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар, қоғамдық жерлерді ластау, кәмелетке толмағандардың түңгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз жүрмеу жайында сөз қозғады.

​ ОПД, ЖПҚБ, ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Р. Абдразақова кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар бейнеролик көрсетілімімен бастап, белгілі заңдылықтарға түсіндірме берді.

​ Облыстық прокуратураның өкілі А. Есқараев кәмелетке толмағандарға қарсы және олардың қатысуымен болатын құқық бұзушылықтардың нәтижесі қандай болатынын, ұрлықтың түбі-қорлық екенін кеңінен түсіндірді.

​ Облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы қазіргі таңда кәмелетке толмағандардың арасында нашақорлық, токсикоманияның кеңінен таралып жатқанын, оның адамның денсаулығына қауіпті, өміріне кедергі болатыны айтылды

27 просмотров0 комментариев
bottom of page