16-ші қараша күні колледжімізде "Қызықты психология" атты психологиялық эстафета сайысы өтті.
- Куаныш Умирзаков
- 17 нояб. 2021 г.
- 1 мин. чтения

Бүгін, "Экономикалық-техникалық және арнайы пәндер" бірлестігінің апталығы аясында колледж психологы- Ермағанбетова Гүлнардың ұйымдастыруымен өткен "Қызықты психология" атты психологиялық эстафета сайысы өтті. Сайыстың мақсаты білім алушыларды төзімділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу. Сайысқа Мч-21, Өрт-11 оқу топтары қатысып, өз күштерін сынады. 5 турдан құралған сайыс барысында Өрт-11 оқу тобы қарсылас топтан басым болып, 1-ші орынды иеленді. Жалпы сайыс барысында білім алушылар ептілік танытып, барлық турларды қателіксіз, бұлжытпай орындауға тырысты. Қазылар алқасы әр тур соңында өз пікірлерін білдіріп, бағаларын берді.
Comments