top of page

3 қараша күні «Өрт қауіпсіздігі» арнайы пән бойынша оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді


2021 жылдың қараша айының 3-і күні «Экономикалық-техникалық және арнайы» пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, «Білімді ұрпақ-тұрақты даму кепілі» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті.

2021 жылдың 3-ші қараша күні «Экономикалық-техникалық және арнайы» пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, «Білімді ұрпақ-тұрақты даму кепілі» атты апталықта «Өрт қауіпсіздігі» арнайы пән бойынша оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Оқу-жаттығу жұмыстары Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №1-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасында өтті. Оқу-жаттығу жұмыстары барысында білім алушылар өрт–техникалық қару-жарақпен жұмыс істеу дағдыларын иегерді, өрт сөндіру қызметінің тәжірибесінде қолданылатын жеке және ұжымдық орындалатын әртүрлі жаттығулар жиынтығын орындады. Оқу-жаттығу жұмыстарын өткізудің негізгі мақсаты білім алушылардың мамандығының маңыздылығын, адам өмірінде ерекше орын алатындығын түсіндіру, өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру. Өрт сөндірушінің бойына қажетті күш, төзімділік, жылдамдық, батылдық секілді қасиеттерді қалыптастырады.






 
 
 

Comments


© 2018-2022 Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі 

  • YouTube
  • Instagram
bottom of page