9-мамыр Ұлы Жеңіс күні! "Ешкім де, ешнарсе де ұмытылмайды"
- Ұлағат Қызылорда
- 6 мая 2022 г.
- 1 мин. чтения

Бүгін, 6-ші мамыр күні Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай, Өрт-11-21 оқу тобында ардагер жауыңгерлердің рухтарына тағзым ретінде, "Ешкім де, ешнарсе де ұмытылмайды" атты ашық тәрбие сағаты өтті. Білім алушыларға ІІ Дүние жүзілік соғыстың тарихын, қатысушы майдангерлердің ерлігін, олардың соғыстан кейінгі еңбектерін айта отырып, отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеп, білімдерін кеңейту, ой-өрістерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. 9- мамыр Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңіс туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ерекше күн. Ардагерлерге мың тағзым! Жеңіс тойы мәңгі жасасын!
Comentários