top of page

«Ауылшаруашылығын кешенді дамытудағы жаңа стратегиялар» облыстық ғылыми -теориялық  конференция

Обновлено: 31 мар. 2022 г.

 











облыстық  оқу орталығымен (әдістемелік кабинет)  Қызылорда көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі бірлесе отырып, 2022 жылдың 30 наурызында, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылары арасында «Экономика негіздері» пәнінен «Ауылшаруашылығын кешенді дамытудағы жаңа стратегиялар»  тақырыбында облыстық ғылыми -теориялық  конференция өткізілді. Конференцияның мақсаты: жас зерттеушілердің интеллектуалдық шығармашылығын дамыту, ғылымдағы зерттеу жұмыстарына баулу, Отандық өнімдерді қолдауға, ауыл шаруашылығын кешенді дамыту стратегияларын жандандыруға, теориялық білімін тереңдетіп және практикалық біліктілігін арттырып,  танымдық қызығушылықтарын дамыту.

 Конференцияға әділ-қазылық жасағандар: әдістемелік оқу орталығының маманы Ұлан Жетібайұлы, ЖШС «Агро- Центр» басшысы  Боранбаев Рысбек және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Қаржы есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы  Алимбетов Асхат.

Іс-шараға облыс көлеміндегі 12 колледжден білім алушылар қатысып қазылар алқасының шешімімен  сертификаттар табысталды.

Конференцияны ұйымдастырушылар колледждің арнайы пән оқытушылары:

Шильдебаева Ж.Ж, Сыздықова М.А.

 
 
 

Comments


© 2018-2022 Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі 

  • YouTube
  • Instagram
bottom of page