top of page

«Бақытты отбасы» онлайн марафоны

Қызылорда көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінде 2021 жылдың 16-22 сәуір аралығында колледж психологы Сейдахметова Багила Облыстық білім басқармасының қолдауымен кәмелетке толмаған білім алушылардың арасында психологиялық денсаулық деңгейін анықтау мақсатында, жасөспірімдердің жазғы оқу демалысқа шығар алдында профилактикалық арнайы іс-шара, яғни «Бақытты отбасы» онлайн марафонын жүргізді. Марафонның мақсаты отбасында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасы құндылығы туралы түсініктерді кеңейту және жақындарымен пайдалы уақыт өткізу. Марафон өте қызықты өтті. Марафонға белсене ат салысқан МЧ-31-18 тобының білім алушысы Шадешова Гүлнұр, М-22-19 тобының білім алушысы Боранбай Айдана, БР-21-19 тобының білім алушысы Алыбай Ақбота секілді білім алушылар мен ата-аналары алғыс хаттармен марапатталды.




 
 
 

Comments


© 2018-2022 Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі 

  • YouTube
  • Instagram
bottom of page