«Визуалды мерчендайзинг және витринистика» тақырыбында 2-3 курс білім алушылары арасында сайыс
- Ұлағат Қызылорда
- 31 мар. 2022 г.
- 1 мин. чтения
Қызылорда көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінде 2022 жылдың 31 наурызында «Мерчендайзинг» пәні бойынша «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» тақырыбында 2-3 курс білім алушылары арасында сайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты: Білім алушыларға алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде көрсету, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және білім алушылардың шеберлік дағдыларын дамыту, алған білімдерін іс жүзіне асырып одан әрі шыңдай түсу.
Сайысқа әділ -қазылық жасағандар:
1.Жанасбаев Төлеп Серікбайұлы -- «Орда Табак трейд» ЖШС маркетолог бөлімінің меңгерушісі
2.Балманова Гүлжахан Жұмабайқызы –«Аль-Асад» ЖШС-нің мерчендайзирі
3.Альмердинова Ұлбосын Мүсілімқызы- колледж әдіскері
3.Альмердинова Ұлбосын Мүсілімқызы- колледж әдіскері
Сайыс 5 кезең бойынша өткізілді.
. 1 кезең: Тауарларды сауда залдарында орналастыру үшін қажетті құрал саймандарды, орындарды алдын-ала дайындау
2 кезең: Тауар үлгілерін пайдалана отырып, сөрелерде тауар ассортименттерін топтап орналастыру
3 кезең: Тауардың ассортименттік тізімдемесін жасау
4 кезең: Тауарларды орап-түю, бағаларын көрсету.
5.Орналастырылған тауарларға жарнама мәтіндерін дайындау.
Байқауға қатысқан білім алушылар:
1. Амангелді Нұргүл –МЧ-31 тобы
2. Бақытбекұлы Дарын –М-31
3. Қонқабекова Сағыныш- М-31
4. Алимбаев Ержан –МЧ-21
5. Рахметова Сетора –МЧ-21
6. Боранбай Айдана –М-32
7. Жақыпбекова Жанбике –МЧ-31
Сайысқа қатысушылар жан-жақты дайындалған және бағалау критерийлеріне сай дайындықтарын көрсете білді.
Сайыс соныңда қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, марапатталды..






Comentários