«Дос пен достық мен үшін» тақырыбында семинар-тренинг
- Ұлағат Қызылорда
- 15 мар. 2021 г.
- 1 мин. чтения
Қызылорда көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінде 2021 жылдың 15-наурыз күні колледж психологы Сейдахметова Багила Абдигаппаровна 1-курс білім алушыларымен «Дос пен достық мен үшін» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренинг мақсаты: білім алушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату; бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету; коммуникативті өрісті дамыту болып табылады.
Семинар-тренинг барысында білім алушылар достық жайлы эссе жазып, суреттер салды. Білім алушылармен түрлі сергіту тренингтері мен қызықты психологиялық ойындар ойнатылып, қатыстырылған 1-курс студенттерінің коммуникативтік қабілеттері дамып, бір-бірімен қарым-қатынастары ұлғая түсті. Қорыта келе, кері байланыста білім алушылар жақсы әсер алып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.
Comments