Жастар арасында қиын мінез-құлықтың алдын алу және тәртіпсіздік пен құқық
- Ұлағат Қызылорда
- 29 сент. 2021 г.
- 1 мин. чтения

21-ші қыркүйек күні колледжімізге Облыстық жастар ресурстық орталығы КММ-нің психолог мамандары Жастар арасында қиын мінез-құлықтың алдын алу және тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қалыптастыру мақсатында студент жастардың арнайы сала мамандарымен кездесу өтті. Кездесу шара барысында психолог мамандар қазіргі кездегі жасөспірімдер арасындағы "суицидке тәуекелшілік", суицидалды мінез-құлықтың өзгеруі туралы сөз қозғап, жастарға қиын сәттерде өмірдегі әр түрлі проблемаларды айналадағы ата-анасы, достары, жақын адамдарына айтып, бірлесе отырып шешуге болатындығын ескертті. ЮПБ-нің учаскелік полиция инспекторы Алдабергенов Нұрбол мырза жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар туралы баяндады. Сонымен қатар, Кешкі уақыттарда қаламызда рейттік жұмыстар жүретінін ескертті. Жалпы, кездесу барысында студенттер өздеріне қажетті мәліметтер алды.
Comentarios