Көпсалалы Ұлағат Қызылорда колледжінде 26 мамырда жасөспірімдер қауіпсіздігіне арналған оқу сағаты
- Куаныш Умирзаков
- 28 мая 2021 г.
- 1 мин. чтения

Қызылорда облысының білім Басқармасының 2021 жылғы 21 мамырдағы 07-20/2126 санды хатына сәйкес "Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс кестесіне" сәйкес білім алушылардың қауіпсіздігін сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ZOOM платформасында онлайн форматта бірыңғай оқу сағаты өткізілді.
Ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Нұрбол Алдабергенов педагог-психолог маман қатысты. Аталған тақырыптарда дәрістер оқылып, 1-2 курс білім алушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Comments