top of page

Көпсалалы "Ұлағат Қызылорда" колледжінде WorldSkills College-2021 колледжішілік байқауы өтті.


Қызылорда көпсалалы "Ұлағат Қызылорда" колледжінің 1304000 "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығының АКТ-31-18 оқу тобының 3 курс және ТП-11-20 оқу тобының 1 курс студенттері арасында WorldSkills College-2021 колледжішілік байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: кабельдік желілер және оның түрлері туралы түсінік беру. Сымдармен кабельдердің ток өткізгіш бұйымдардың электротехникалық маңызын меңгерту, кримпер мен коннектор, кабельмен жұмыс жасау.

WorldSkills College-2021 колледжішілік байқауының ашылу салтанатына Қызылорда көпсалалы "Ұлағат Қызылорда" колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Рахыжан Айнур Бакитбековна сөз сөйледі. Байқауға сарапшылық еткендер:Матаев Азамат Әмірбекұлы ЖШС «базис оқу орталығының» IT маманы

Төлеген Еркебұлан Мұратұлы Тәкей Есетов атындағы № 264 мектеп – лицейінің жүйе технигі

Мәмбет Еділ Әділұлы «Мемлекеттік Техникалық Қызмет» жетекші инженері

Байқауға қатысқан білім алушылар:

Сактапберген Санжар АКТ-31-18 Әбдімәлік Бекзат АКТ-31-18 Тлекұлы Бекзат ТП-11-20 Абдуғали Асхат АКТ-31-18 Самат Бибінұр АКТ-31-18

Байқаудың қорытындысы бойынша Әбдімәлік Бекзат WorldSkills Чемпионатының облыстық кезеңіне жолдама алды. Қалған білім алушылар Алғыс хатпен марапатталды




1 просмотр0 комментариев
bottom of page