top of page

Нашақорлық, құқық бұзушылық, буллинг, ерте жүктілік, электрондық темекінің зияны





Бүгін, 10 желтоқсан күні колледжімізде Достармед клиникасының психологы, аймақтық полиция бөлімінің инспекторларының қатысуымен "Нашақорлық, құқық бұзушылық, буллинг, ерте жүктілік, электрондық темекінің зияны" тақырыптарына орай кездесу іс шарасы өткізілді. Кездесу шара барысында полиция инспекторлары қоғамда орын алып жатқан құқық бұзушылықтарға тоқталып, жасөспірімдерге кешкі мезгілде ата-ананың рұқсатынсыз көшеде жүрмеуге шақырды. Электронды темекінің, бір реттік темекінің зияндығы, темекі қолданса, рейд барысында жасөспірім қалтасынан табылса әкімшілік жаза қолданатындығы туралы ескертті. Психолог маманда да өз кезегінде нашақорлық, синтетикалық зиянды заттардың адам психикасы мен денсаулығына кері әсері туралы айтты. Студент жастарға арнайы бейнероликтер көрсетіліп, тақырып аясында өз сұрақтарын ортаға салды. Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Курумбекова және колледж психологы Г. Ермағанбетова колледж студенттеріне ішкі тәртіп ережесін түсіндіріп осы тақырыптарда сауалнамалар алынғандығы туралы баяндады.

 
 
 

Comments


© 2018-2022 Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі 

  • YouTube
  • Instagram
bottom of page