"Тапқырлар алаңында" атты қала көлемінде колледжаралық пәндік олимпиада
- Ұлағат Қызылорда
- 23 февр. 2022 г.
- 1 мин. чтения




23 ақпан 2022 жылы техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары арасында Қызылорда көпсалалы "Ұлағат Қызылорда" колледжінің базасында "Бухгалтерлік есеп негіздері" пәні бойынша "Тапқырлар алаңында" атты қала көлемінде колледжаралық пәндік олимпиада болып өтті. Олимпиада мақсаты: Жастарды болашақта лайықты өмір деңгейіне көтеру үшін болашақ кәсібіне деген қызығушылығын арттыру, есеп саласындағы теориялық білімдерін тереңдету, экономикалық ойларын қалыптастыру, нарықты зерттеуге баулу. Олимпиадаға жақсы қатысып, белсенділік танытқаны ушін қатысушылар алғыс хатттармен және дипломдармен марапатталды.
І дәрежелі дипломмен Алыбай Ақбота "Қызылорда көпсалалы "Ұлағат Қызылорда" колледжі.
ІІ дәрежелі дипломмен Аманжолова Аякөз Ербулатқызы "Болашақ" университетінің жоғары колледді.
ІІІ дәрежелі дипломмен Рустемова Зарина "ORDA" жоғары колледжі марапатталды. Олимпиаданы ұйымдастырушылар Қызылорда көпсалалы "Ұлағат Қызылорда" колледжінің арнайы пән оқытушылары:
Оспанова Рахия Мұхтарқызы
Ермекбаева Айгуль Ибагимовна
Comments