Төлемақы есебімен байланысты операцияларға шоттар корреспонденциясын құру
- Ұлағат Қызылорда
- 10 нояб. 2021 г.
- 1 мин. чтения



2021 жылы 10 қарашада оқытушы Оспанова Р.М МЧ -31 тобында «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәні бойынша «Төлемақының әр түрлі жүйесінде төлемақыны есептеу. Төлемақы есебімен байланысты операцияларға шоттар корреспонденциясын құру». тақырыбында ашық көрсетілім сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны туралы теориялық және әдістемелік аспектілерді түсініп, оларды тану мәселелерін меңгеру, еңбек ақыны есептеу тәртібін үйрену, шоттар корреспонденцияларын құру бойынша есептер шығара білу.
Сабақта белсенді құзыреттелікке негізделген оқыту әдісі,өзіндік жұмыс,жағдайлық есептер шығару әдісі,кері байланыс қолданылды.
Сабақ қызықты және толымды болып,білім алушылардың алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білетіндігін көрсетті.
Comments