top of page

Қазақстандағы діннің ахуалы және жастар арасында кездескен діни жағдаяттар туралы




Бүгін, 18-ші ақпанда колледж басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Курумбекова А. Және психологы Ермағанбетова Г. Ұйымдастыруымен Дін істері басқармасы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Ерубай Асхат мырза және "Интернет және БАҚ-пен жұмыс" бөлімінің маманы Кәкімжанов Ердәулет мырзалармен колледжіміздің білім алушы қыз балдарына кездесу кеші өтті. Кеш барысында сала мамандары дін мәселелері туралы, Қазақстандағы діннің ахуалы және жастар арасында кездескен діни жағдаяттар туралы баяндап білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Видеороликтер көрсетіліп, мысалдар айтылды. Жастар өз кезегінде теріс ағымдарға ермеу үшін дұрыс бағыттағы мағлұматтарды алуға, әлеуметтік желілердегі көптеген діни парақшалардың материалларына сақтықпен қарауға сенім білдірді.



 
 
 

Comments


© 2018-2022 Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі 

  • YouTube
  • Instagram
bottom of page