top of page

«Құтқарушы және өрт маманының бір жұмыс күні» атты дөңгелек үстел өтті




30.09.2021 жылы Қызылорда көпсалалы «Ұлағат қызылорда» колледжінің «Өрт қауіпсіздігі» арнайы пән оқытушыларының ұйымдастыруымен «Құтқарушы және өрт маманының бір жұмыс күні» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты Тәуелсіз еліміздің тыныштығы үшін жанын шүберекке түйіп, өмір мен өлімнің ортасында арпалысып жүретін Құтқарушы, өрт сөндіру мамандарының негізгі атқаратын қызметерімен таныстыру.Шарамыз колледж директорының орынбасары Курумбекова Анар Аманбекқызының алғы сөзімен ашылып, арнайы қонақтардың сөзімен бастау алды.

Дөңгелек үстелге Төтенше Жағдай Департаменті, Төтенше Жағдай Басқармасынан қызметкерлері, ТЖД-нің ардагерлер ұйымының төрағасы қонақта болды. ТЖ қызметкерлері өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, басынан өткен қызықты оқиғаларын айтты.

2 просмотра0 комментариев
bottom of page