top of page

"Үздік оқытушы-2022"


Бүгін, 30 маусым 2022 жылы Қызылорда көпсалалы "Ұлағат Қызылорда"колледжінде "Үздік оқытушы-2022"сайысы өткізілді.Сайыстың мақсаты:шығармашылықпен жұмыс істейтін ой өрісі кең,парасатты өзінің авторлық жаңашыл идеясы бар,ғылыми- әдістемелік шеберлігі жоғары,жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау,озық педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттау,тарату.Колледждегі ең үздік оқытушыны анықтау көзделді. Сайыс 4 кезең бойынша өткізілді.1 кезең- Өзімнің өмір дерегім( түрлі жанрда өз портфолиосын қорғау)2кезең- "Мұғалімнің жұмыс жүйесі"(пән бойынша бейнесабақ,ашық сабақ фрагменттерін көрсету.3 кезең- Шығармашылық ізденіс жұмысын қорғау.4 кезең- Жағдаяттар қоржыны.Педагогикалық ситуация шешу.Сайыс 5 балдық жүйемен бағаланды.Сайыстың әділ-қазылар алқасының төрайымы-колледж директоры:Сарбалакова Айымжан Жорабековна,оқу ісі жөніндегі орынбасары Сугурова Зухра Альматовна,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Курумбекова Анар Аманбекқызы.Сайыс жоғары деңгейде өткізілді.Сайыс қорытындысы бойынша 1орынды-Садықова Жұлдызай дене тәрбиесінің пән мұғалімі 2 орынды-Нұртаза Іңкәр информатика пәнінің пән мұғалімі,3 орынды- Ермағанбетова Гүлнар психологиялық дайындық пәнінің пән мұғалімі иеленді.Қалған қатысушы оқытушылар номинациялармен марапатталды.Жеңіске жеткен әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз,болашақтарыңыз-берік,келешектеріңіз кемел болсын дегіміз келеді.




7 просмотров0 комментариев
bottom of page