top of page

"Ұлттық теңге-Тәуелсіздік тұмары" атты танымдық-топтық сайыс






Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Қызылорда көпсалалы "Ұлағат Қызылорда" колледжі бірлесе отырып, 2021жылдың 15 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30жылдығына орай техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары білім алушыларының арасында "Ұлттық теңге-Тәуелсіздік тұмары" атты танымдық-топтық сайыс өткізді.

Сайыстың мақсаты: білім алушыларға Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, ұлттық теңгеміздің айналымға ену тарихы туралы мағлұмат беру, сондай-ақ

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту болып табылады.

Сайысқа бірнеше техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты.

Сайысты саралап, таразылайтын әділ қазылар алқасы жасақталды.

Әділ қазылар алқасының төрағасы "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің "Қаржы, есеп және аудит" кафедрасының аға оқытушысы, Экономика ғылымдарының магистры Смаилов Мұрат Өмірзақұлы төрелік етті.

Сайыс нәтижесінде

1-орын "ORDA" жоғары колледжі

2-орын "Болашақ" Университетінің жоғары колледжі

3-орын М.Мәметова атындағы Қызылорда педогогикалық жоғары колледжі иеленді.

Сайысқа қатысушы барлық топтар

Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Қызылорда көпсалалы "Ұлағат Қызылорда" колледжінің дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Сайыс өте қызықты әрі тартысты өтті.

 
 
 

Comentarios


© 2018-2022 Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі 

  • YouTube
  • Instagram
bottom of page